«Өнеркәсіптегі кешенді қауіпсіздік менеджменті және аудиті» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттары мен жұмыс берушілер арасындағы кездесу

«Өнеркәсіптегі кешенді қауіпсіздік менеджменті және аудиті» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттары мен жұмыс берушілер арасындағы кездесу

29 желтоқсан 2020 ж. әл-Фараби атыңдағы ҚазҰУ-дың 1 курс магистранттары “Өнеркәсіптегі кешенді қауіпсіздік менеджменті және аудиті” білім беру бағдарламасы бойынша дайындықтан өтіп жатқан Д.С. Кимнің басшылығымен өсімдік майы, майонез, кетчуп және аспаздық майларды ірі ресейлік өндірушілердің Қазақстандық филиалы – “ЭФКО АЛМАТЫ” ЖШС өндірістік алаңы бойынша виртуалды техникалық тур жасады. Кәсіпорынның жетекші технологы Л.П. Молокостова ханым ВКС мобильді жүйесін пайдалана отырып, магистранттарға майлы тұқымдарды қабылдау мен сақтаудың, құлауы мен нығыздалуының, майды еріткішпен экстрагирлеудің, оны тазартудың, ағартудың, винтеризациялаудың және дезодоризациялаудың негізгі технологиялық кезеңдерін көрсетті, ал еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер Р.С. Штольц ханым әрбір операцияның қандай қауіптермен ұштасқанын айтып берді. Виртуалды техникалық тур магистранттардың шынайы кәсіби қызығушылығын тудырды және оларды күзгі семестрде игерілген қауіптерді талдау және тәуекелдерді бағалау әдістерін қолдануға итермеледі.

“ЭФКО АЛМАТЫ” ЖШС туралы негізгі ақпарат сайтта бар: http://efko.kz/, ал “ЭФКО” тобы компаниясының үлгілік өндірістік алаңы бойынша виртуалды турдың жазбасы Яндекс-дискіде сақталған: https://yadi.sk/i/9QYAfgAUdl6fgQ.

90 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>