I Халықаралық Ғылыми-экологиялық форумның тезистер жинағы

I Халықаралық Ғылыми-экологиялық форумның тезистер жинағы

2020 жылдың желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығымен, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен, Экология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институтымен, “Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ бірлесіп  «Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» атты I Халықаралық ғылыми-экологиялық форум өткізді.

Форумның мақсаты қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі проблемаларды талқылау және шешу және тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша ғылыми-практикалық ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың I Халықаралық ғылыми-экологиялық форумының баяндама тезистерінің жинағы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы өзекті мәселелерге арналған. Жинақ мәлімделген секцияларға сәйкес 3 бөлікке бөлінген және жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлеріне, оқытушыларына, аспиранттарына, магистранттары мен студенттеріне арналған. Жинаққа қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақалалар енген.

Бұл басылым қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қызығушылық танытатын ғылым мен оқырмандарды қызықтырады деп үміттенеміз.

Жүктеу сілтемесі:

https://drive.google.com/file/d/1Zcd1eFnpUuRygvX2oh1wnA12g5b6FwlP/view?usp=sharing

 

 

133 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>