Қазақстан Республикасының экологиясын қалпына келтірудің түбегейлі қажеттілігіне байланысты «Невада-Семей» қозғалысының алға қойған міндеттері

Қазақстан Республикасының экологиясын қалпына келтірудің түбегейлі қажеттілігіне байланысты «Невада-Семей» қозғалысының алға қойған міндеттері

2021 жылдың 27 ақпан күні сағат 1100-ден 1140-қа дейін ZOOM платформасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Невада-Семей» жастар ұйымы «Қазақстан Республикасының экологиясын қалпына келтірудің түбегейлі қажеттілігіне байланысты «Невада-Семей» қозғалысының алға қойған міндеттері» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізеді.
Сілтеме https://us04web.zoom.us/j/7545841067?pwd=VFVYSXpYQ1d1Y0k3QUN3MVVoR3Aydz09

Идентификатор: 754 584 1067
Пароль: 12345
Уақыты: 27 ақпан 2021 ж. сағат 11:00
Телефон: 87474609221

2016 жылдан бастап «Невада-Семей» қозғалысының жастар ұйымы ядролық қарусыз әлемді ілгерілетуге және планетаның тұрақты дамуына бағытталған жастардың бастамаларын қолдау және дамыту бойынша белсенді жұмыстар атқарып келеді.
Жастар ұйымының қызметі барысында ядролық қаруды сынау салдарына байланысты экологиялық мәселелерді шешу үшін Қазақстанның жастарын біріктіріп, «Невада-Семей» қозғалысының идеяларын насихаттауға бағытталған жоспар бойынша жұмыс жасауда.
Дөңгелек үстелге халықаралық ядроға қарсы «Невада-Семей» қозғалысының төрағасының орынбасары Эфим Львович Зуслин, ядроға қарсы қозғалыстың мүшесі Виктор Михайлович Инюшин, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Невада-Семей» жастар ұйымының өкілдері.
Іс шараның ұйымдастырушылары: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Невада-Семей» жастар ұйымының мүшелері.

125 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>