ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЕ ЭКОЖУРНАЛИСТИКА БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЕ ЭКОЖУРНАЛИСТИКА БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

2021 жылғы 15 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2020 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы жасасқан меморандумды жүзеге асыру аясында “Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде экологиялық журналистика” журналистердің біліктілігін арттыру курсы басталды.

Оқыту курсының модераторлары: Журналистика факультетінің Баспасөз және электрондық БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева және География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, г.ғ. к., профессор м.а. Базарбаева Тұрсынкүл Аманкелдіқызы.

ҚР БҰҰ Жаһандық коммуникация департаменттің өкілі – Ақпарат Бюросы Басшысы Властимил Самек ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйледі.

Оқыту курсының бағдарламасына БАҚ-та экологиялық мәселелерді жариялау, экологиялық білім беру мен тәрбиелеу, қалдықтарды кәдеге жарату және қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша өзекті мәселелер енгізілген. (Бағдарлама қоса беріледі)

Спикер ретінде Әл-Фараби фтындағы ҚазҰУ оқытушылары және тәжірибелі экологтар қауымдастығының төрағасы қатысады.

Оқыту офлайн форматта Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71/27, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасы, № 308, Абай залы мекенжайы бойынша өтеді. Қатысушылар «Экологиялық журналистика» курсынан өткені туралы сертификаттарға ие болады.

Онлайн көрсетілім Қазақ ұлттық университетінің ресми парақшасында өтеді. Әл-Фараби Facebook-те сілтеме бойынша:

https://www.facebook.com/KazakhNationalUniversity.

185 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>