Өтініш жасау
Құрметті пайдаланушылар! Университет қызметімен байланысты Сіздерді толғандыратын мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету, өтініштерді жедел қарау, олар бойынша шаралар қабылдау және де өтініштерді тудыратын себептерді зерделеу мақсатында "Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ" коммерциялық емес акционерлік қоғамында өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды немесе университеттің лауазымды тұлғаларының жеке қабылдауына өтінім қалдыруға болатын жүйе іске қосылды. Сұрақ қою үшін аты-жөніңізді, телефон нөміріңіз бен электрондық поштаңызды көрсетіңіз, содан кейін тиісті санатты таңдап, сұрақтың мәнін көрсетіңіз. Сіздің сұрағыңызға жауап Сіз көрсеткен электрондық поштаға жолданады немесе университеттің қоғамдық қабылдау бөлімінің қызметкері Сізбен байланысады. Сұрақты жолдамас бұрын, көрсетілген деректердің дұрыстығына көз жеткізуіңізді сұраймыз.